Алматыда жылу беру маусымы 10 қазаннан басталады
Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жылыту маусымы 10 қазаннан басталады. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қабылданған шешім бойынша тұрғын үйлерге жылу беру ертерек қосылады.
