Алматы қаласы жылыту маусымына 100% дайын. Бұл туралы 2026 жылғы 6 қазанда оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Кеңесте қаланың жауын-шашынға дайындығы және қысқы тазалау мәселелері жеке талқыланды.
Арық жүйесінің 129 проблемалық учаскесінің 117-сі жойылды. Қалған жұмыстарды 30 қазанға дейін аяқтау тапсырылды.
Қалалық қызметтер мен арнайы техника жауын-шашын және қысқы маусым кезеңінде жұмыс істеуге дайын.
Дархан Сатыбалды жол қызметтері мен инженерлік желілер иелерінің үйлестіруін күшейтуді, барлық дайындық жұмыстарын аяқтауды және жылумен жабдықтау нысандарын АлЭС балансына уақтылы беруді тапсырды.
Сондай-ақ жеке секторды газдандыру және қысқы кезеңде жөнделген қалалық инфрақұрылымның сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.
Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)
2026 жылғы 2 қазанда Астанада жылыту маусымы басталды.
