Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Қазақстан шөліндегі ерекше ағаштарды — қуаң тораңғыларды — суретке түсірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Доценко айтуынша, соңғы жылдары ол күз сайын Қазақстанның оңтүстік-шығысына барып, ағаштардың алтын түсті жапырақтарын түсіреді.
Фотограф жұмыс барысында таулардың арғы бетінде, Шыңжаңда дәл осындай пейзаждарды көргенін есіне алғанын атап өтті.
Құм арасындағы қуаң тораңғылар пейзажға ерекше мән береді: бұл көк аспан астында ешнәрсе мәңгілік емес, — деп жалғастырады фотограф.
Бұған дейін фотограф Алматы маңындағы тау бөктерлерінен түсірген кадрларымен желі қолданушыларын тәнті еткен болатын.
