...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда кептеліс 10 балға жетті: қай көшелер тұрып қалды

Алматыда 23 қазан күні кешке қала жолдарында кептеліс 10 балға жетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

2ГИС деректеріне сәйкес, сағат 18:00-де Абай даңғылында, Сәтбаев көшесінде (Байтұрсынов пен Желтоқсан көшелері аралығында), Төле би көшесінде, Жароков және Жандосов көшелерінде, сондай-ақ Әл-Фараби мен Достық даңғылдарында (Абай даңғылымен қиылысынан Омарова көшесімен қиылысына дейін) көлік қозғалысы қиындады.

Сонымен қатар Райымбек пен Рысқұлов даңғылдарында және Момышұлы көшесінде де айтарлықтай кептеліс тіркелді.

Жөндеу жұмыстарына байланысты Төле би көшесінің Амангелді көшесімен қиылысқан бөлігі жабылған.

«Күн сайын бір-бірімізді кептелістен танимыз», «Бүгін 10 балл дәл», «Бұл жұма», — деп жазды жүргізушілер қосымшада.

Бұған дейін Алматыда 24 қазаннан бастап бірнеше жол учаскесінде қозғалыс схемасы өзгеретіні хабарланған. Шектеулер Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесіне қатысты болады.