...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Курасбек Садибеков Алматының Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігімен және қалалық мәслихатпен келісім бойынша Жетісу ауданының әкімі лауазымына Курасбек Садибеков тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Курасбек Садибеков 1989 жылы 28 желтоқсанда Целиноградта дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Манчестер университетінде (Ұлыбритания) «халықаралық даму: саясат, басқару және даму стратегиясы» мамандығы бойынша оқыған.

Еңбек жолын 2011 жылы Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастады.

2013–2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.

2014–2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінде бас сарапшы болып қызмет етті.

2017–2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі қызметін атқарды.

2019–2022 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде үшінші хатшы ретінде дипломатиялық қызметте болды.

2022 жылдың қазан айынан 2025 жылдың қаңтарына дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде жұмыс істеді.

2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің инспекторы болды.

2025 жылдың мамырынан Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Айта кетейік, 2024 жылдың шілдесінен бастап Жетісу ауданының әкімі қызметін Ләззат Жылқыбаева атқарған болатын. Жақында ол Құрылтай депутаты атанды.

Еламан Тұрысбеков