Алматыда 102 нөміріне қоңырау шалуға қатысты жанжал туды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Instagram әлеуметтік желісінде танымал бейнежазба пайда болды. Оның авторы полицияға бірнеше рет қоңырау шалғанын, бірақ экипаждың келуін ұзақ күткенін айтқан.
Алайда қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі тексеріс басқа жағдайды көрсеткенін мәлімдеді.
102 нөміріне алғашқы қоңырау түскеннен кейін ақпарат дереу Алатау ауданына жіберіліп, оқиға орнына «Буран-114» экипажы бағытталған.
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Тексерістер қорытындысы бойынша әйел жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін біз алматылық әйелдің автобуста ер адамға қарсылық көрсеткені туралы жазған болатынбыз – қазақстандықтар оған тәнті болды, ал полиция оны жазалады.
