Алматыда жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің бірқатар учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
24 қазаннан бастап қаладағы бірнеше жол учаскесінде қозғалыс схемасы өзгереді. Бұл туралы Almaty Joly телеграм-арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, 24 қазан сағат 08:00-ден 26 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тұзов көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі.
Сонымен қатар 24-29 қазан аралығында түнгі сағат 22:00-ден таңғы 10:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай учаскесінде және Рысқұлов даңғылымен қиылысында қозғалыс шектеледі.
«Так, с 08:00 24 октября до 20:00 26 октября движение будет ограничено на участке проспекта Абылай хана от проспекта Райымбека до улицы Тузовой. Кроме того, с 22:00 до 10:00 с 24 по 29 октября движение будет ограничено на участках улицы Момышулы южнее улицы Монке би и на перекрестке с проспектом Рыскулова», — говорится в сообщении.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Қала тұрғындарынан өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
