Алматы әуежайына кіру уақытша өзгерді: жаңа схема және байланыс нөмірі
Алматы әуежайына кіру схемасы уақытша өзгерді. Майлин көшесіндегі қайта жаңартуға байланысты кіру Ахметов көшесімен «Ақсұңқар» қонақ үйінің қарама-қарсысынан жүзеге асырылады. Шығу бұрынғысынша.