Алматының Медеу ауданында Шүкір асуында шамамен 3100 метр биіктікте үш турист түнде көмекке мұқтаж болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға 2026 жылғы 19 қыркүйекте түнде болған. Туристер тауға алдыңғы күні шыққан, алайда төмен түсу кезінде жарықтан айырылып, көмек сұраған.
Алматы қаласының мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары жас жігіттерді тауып, оларды №22 өрт сөндіру бөліміне дейін алып барды, сонда туыстарына тапсырды. Туристерге медициналық көмек қажет болмады.
Бұған дейін құтқарушылар Алматы облысында Сатпаев шыңынан өз бетінше түсе алмаған үш жас жігітке көмек көрсеткен.
