...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 1976 жылғы температура рекорды жаңарды: +38°C

Алматыда 16 шілдеде ауа температурасы +38 градусқа жетіп, 1976 жылғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы және Алматы облысы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кісебаевтың айтуынша, қаладағы ауа температурасы +38 градусқа жеткен.

«16 шілдедегі алдыңғы максимум 1976 жылы тіркелген еді. Сонда термометр бағандары +36,1 градусқа көтерілген, бірақ қазіргі көрсеткіш одан жоғары болды», – деп атап өтті ол.

Жаңа рекордқа қарамастан, Алматыдағы шілде айының абсолютті температуралық максимумы әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Ол +43,4 градусты құрайды және 1983 жылы тіркелген.

Дереккөз: Nur.kz