...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда қытайлық электр трициклі мусор таситын көлікпен соқтығысып, 81 жастағы жүргізуші қаза тапты

Алматыда қытайлық электр трициклі мен мусор таситын көлік бетпе-бет соқтығысып, трицикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көлік құралдары қарсы бағытта қозғалған. Қытайлық электр трициклінің рөлінде 1945 жылы туған ер адам болған.

Zakon.kz тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, ұзақ және тік бұрылыста трицикл жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Мусор таситын көліктің жүргізушісі шұғыл тежегіш қолданған, алайда бетпе-бет соқтығысудан құтыла алмаған.

Соққыдан трицикл жүргізушісімен бірге бірнеше метрге лақтырылған. Ер адам өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алып, оқиға орнында қайтыс болды.

Жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер оқиға орнында жұмыс істеуде. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Бұған дейін қазақстандықтарды «левые» таксилерден бас тартуға шақырған болатын.