Бостандық ауданында 70 жастағы әйел тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға күндіз тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында болған. Зейнеткер алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм осы үйде тұрған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен тергеу-жедел тобы жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта жедел уәкілдер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полицейлер куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Туыстарының айтуынша, бұрын әйелдің мінез-құлқында ешқандай алаңдатарлық белгілер байқамаған. Тексеру жалғасуда.
Дереккөз: Inalmaty.kz