Алматыдағы Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде қарт әйел терезеден құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: Zakon.kz