...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда өрттен 300 электросамокат аман қалды

Алматылық құтқарушылар литий-ионды батареялар қоймасында өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алмалы ауданы, Васнецов көшесіндегі қойма үй-жайындағы өрт туралы хабарлама 112 пультіне түскен. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері литий-ионды батареялардың тұтанғанын анықтады. От кез келген сәтте жақын жерде сақталған жаңа литий-ионды батареялар мен электросамокаттарға ауысуы мүмкін еді.

Өрт сөндірушілер дереу өрт ошағын сөндіруге және аккумуляторлық батареяларды қарқынды салқындатуға кірісті. Бұл әрекеттер өрттің одан әрі таралуын болдырмауға мүмкіндік берді. Өрт жарты сағаттан аз уақыт ішінде толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

– 100-ден астам литий-ионды батарея мен 300-ге жуық жаңа электросамокатты сақтап қалуға мүмкіндік туды. Сонымен бірге аккумуляторлар тұтанған кезде туындауы мүмкін тізбекті реакцияның алды алынды, – деп түсіндірді Алматы ТЖД.

Құтқарушылар литий-ионды батареялар жанған кезде жоғары уытты өнімдер бөлетінін еске салды. Оларды сөндіру ерекше тәсілді және ұзақ салқындатуды қажет етеді, өйткені қайта тұтану қаупі сақталады.

Дереккөз: Inform.kz