«Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Алматы мен Астана тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚМЖ – бұл атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүруі керек.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте 2026 жылғы 17, 18 және 19 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтқан болатын. Болжам бойынша, Қазақстанның үш ірі мегаполисінің тұрғындарын бір тамшы жаңбырсыз жаздың ең ыстық кезеңі күтіп тұр.
Дереккөз: Zakon.kz