...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы өрттен 26 адам құтқарылып, 40 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

Алматының Әуезов ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар 26 адамды аман алып қалды, тағы 40 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

20 қыркүйек күні таңертең Ақсай-1А шағын ауданында орналасқан тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт тұтанған. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автобаспалдақ, құтқару қалпақтары және баспалдақ маршы арқылы 26 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Тағы 40 адам эвакуацияланды.

Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.