Алматыда Сейфуллин даңғылымен келе жатқан Kia Seltos жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын сигналына шығып, BYD таксиі мен Toyota Camry-мен соқтығысып, аударылды.
Алматы облысындағы Р-19 трассасында болған жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды. Құрбандар мен зардап шеккендер әскери киімде болған.
Алматы облысында 23 сәуір күні сағат 23:55 шамасында Алматы-Бішкек тас жолының 19-шақырымында Toyota Camry тұрған жүк көлігіне соғылды. 27 жастағы жүргізуші ауруханаға жатқызылды, қылмыстық іс қозғалды.