
Алматы облысындағы Р-19 трассасында, Қараой мен Байкент елді мекендерінің аралығында болған жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Zakon.kz тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, Toyota Camry 10 маркалы автокөлік оңтүстік бағытта – Қараойдан Байкентке қарай келе жатқан. Белгісіз себептермен көлік жол жиегіне шығып, бүйірімен ағашқа соғылған. Қатты соққыдан көлік қатты иіліп, екі адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы екі адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген, олардың біреуінің жағдайы ауыр.
Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен әскери киімді адамдар жұмыс істеді. Құрбандар мен зардап шеккендердің әскери киімде болғаны анықталды. Қорғаныс министрлігі апаттың олардың ведомствосына қатысы жоқ екенін мәлімдеді. ҰҚК баспасөз қызметі түсініктеме беруден бас тартты.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 21 маусымда Астана – Қорғалжын автожолында үш көлік соқтығысып, екеуі толық жанып, бес адам қаза тапқан болатын.
Дереккөз: Zakon.kz