
Алматыда жеңіл көлік тұрған жүк көлігіне соғылып, жүргізуші жарақат алып ауруханаға жеткізілді, тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматыдағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің маңында Toyota Camry мен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, апат 23 сәуірде сағат 23:55 шамасында Алматы–Бішкек автожолының 19-шы шақырымында орын алған. 27 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі басқаруды жоғалтып, тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі әртүрлі жарақаттар алып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жалғасуда.
Дереккөз: Inalmaty.kz