...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы-Бішкек трассасында Toyota Camry тұрған жүк көлігіне соғылды: жүргізуші ауруханада

Алматы облысында 23 сәуір күні сағат 23:55 шамасында Алматы-Бішкек тас жолының 19-шақырымында ауыр жол апаты болды. 27 жастағы Toyota Camry жүргізушісі басқаруды жоғалтып, жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео және куәгерлердің кадрлары таралуда.

Дереккөз: Nur.kz