Алматыда қойма үй-жайы өртеніп, қара түтін бағанасы көтерілді. Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт сөндіру жұмыстары қатты түтін мен жоғары температураға байланысты қиындап тұр.
Алматыда Түрксіб ауданындағы қоймаларда болған өртті сөндіруге өрт сөндіру пойыздары жұмылдырылды. Өрт Сүйінбай даңғылындағы қоймалар аумағында шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы полициясы тұрғын үйден 3 кг-нан астам мефедрон мен орау материалдары бар жерасты есірткі қоймасын анықтады. Күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.