Алматы полициясы оңтүстік астанадағы тұрғын үйлердің бірінен тыйым салынған заттардың жерасты қоймасын анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері ірі есірткі желісінің қызметін тоқтатты.
«Операция күдіктіні ұстаудан басталды. Жеке тексеру кезінде одан есірткі заты бар орама табылды. Алайда бұл тек бастапқы нүкте болды. Кейінгі жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 20 дайын тайник закладкасын анықтады, содан кейін негізгі партия сақталған жерге шықты», — деп хабарлады полицияда.
Тінту кезінде 3 кг-нан астам мефедрон, көп мөлшерде орау материалдары, электронды таразылар және есірткіні орауға қажеттінің бәрі алынғаны айтылады.
«Жедел уәкілдердің бағалауынша, бұл синтетикалық есірткіні одан әрі таратуды қамтамасыз ететін толыққанды қойма. Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған адам есірткі сатуға маманданған көлеңкелі интернет-дүкендерде жұмыс істеген. Оның міндеті — ірі партияларды қабылдау, оларды бір реттік дозаларға бөлу және закладчиктер желісі арқылы одан әрі таратуға беру», — деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Дереккөз: Nur.kz