Алматыда қойма үй-жайы өртеніп, қара түтін бағанасы көтерілді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру жұмыстары қатты түтін, жоғары температура және өрттің ауқымдылығына байланысты қиындап тұр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қойма үй-жайында өрт шыққан. Өрт сөндіруге қатты түтін мен жоғары температура кедергі келтіріп, өрттің ауқымы да үлкен болған.
Бақытымызға орай, 112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Сағат 11:10-да ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілгені белгілі болды.
Еске салайық, 6 тамызда Астана тұрғыны терезеге сіріңке лақтырып, көршісінің Audi A6 көлігін өртеп жібергені туралы хабарлаған болатынбыз.
