Алматыда жекеменшік қарттар пансионатының айналасында жанжал тұтанды: бір қарттың туыстары оның денесінде әртүрлі жарақаттар табылғанын айтып шағымданған соң, полиция тексеруге кірісті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы КТК телеарнасының сайты жазды. Туыстары әлеуметтік желілерде қарт адамның пансионатта небәрі бес күн жатқанын, осы уақыт бойы оның дене қызуы жоғары болғанын айтқан. Кейін отбасы ол аяғынан тайып құлады деген хабар алған. Алайда туыстары алған жарақаттардың сипатын білген соң бұл нұсқаға күмән келтірген.
Пансионатта оқиға кезінде ер адамның бөлмеде жалғыз болғанын түсіндірді. Оны кейін еденде жатқан күйі тапқан. Бұл ретте бейнебақылау камералары болған жайтты тіркеп үлгермеген.
Мекеме директоры Светлана Нестерова 22 қазаннан бастап камераларда техникалық ақау байқалғанын мәлімдеді.
«Камерада, жалпы алғанда, қараңғылық, солай шығады. Айтқым келетіні, 22 қазаннан бері бізде камералардың жұмысында техникалық ақау жүріп жатыр. Бірдеңе болды — бізде домофон да, көше жарығы да, камералар да істен шықты. Жанжал көтеріліп жатыр. Мен оның күйін түсінемін. Әрине, мұның бәрі күдікті көрінеді. Бірақ осылай болады — тағдырдың қатал тоғысуы», — деді ол.
