...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда қарт адамды пансионатқа орналастырып, бес күннен кейін ауыр жарақатпен тапқан

Алматыда 70 жастағы ер адамды туыстары пансионатқа орналастырған, алайда бес күннен соң ол ауыр жарақатпен табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде туыстарының айтуынша, қарт адам пансионатта бар болғаны бес күн болған. Осы уақыт бойы оның дене қызуы жоғары болып тұрған. Кейін отбасына зейнеткер «сүрініп құлап қалды» деп айтылған. Алайда туыстары бұл нұсқаға күмән келтірген.

КТК телеарнасының мәліметінше, ауруханада зардап шегушінің бет сүйектерінің бірнеше жерден сынғаны және бас жарақаты анықталған. Пансионатта оқиға болған сәтте ер адамның бөлмеде жалғыз болғанын түсіндірген. Кейін ол еденде жатқан күйі табылған. Бейнебақылау камералары нақты не болғанын тіркемеген.

Бұған дейін Қазақстанда зейнеткерлерден 110 млн теңге тұратын үйді тартып алуға әрекет жасалғаны туралы хабарланған болатын.