Алматының Әуезов ауданында 2026 жылдың қаңтарынан бері 1500-ге жуық заңсыз жарнама мен конструкция демонтаждалды. 15 учаскеде дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр.
Әуезов ауданының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтынсарин және Абай даңғылдары бойындағы 15 учаскеде қасбеттер мен жарнамаларды дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жалғасуда.
Алматы әкімдігі қала кеңістігін ретке келтіру жұмыстарын бастайды: алдымен кешенді абаттандыру жүргізілетін көшелер, содан кейін басқа аудандар. Дизайн-код қағидалары бекітілді.