Алматыда 21-23 қараша аралығында күн жылынып, ауа температурасы +17°С-қа дейін көтеріледі, ал Шымкентте +22°С-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» 20 қарашада 10 қала тұрғындарына ауа райы болжамын ұсынды. Астанада да оң температура күтіледі: ауа +6°С-қа дейін жылынады. Жаңбыр мен найзағай, қар тек Астана мен Шымкентте болады. Алматыда жауын-шашын күтілмейді.
Алматы бойынша болжам:
21 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман, көктайғақ. Оңтүстік бағыттағы жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +4+6°С.
22 қараша: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Оңтүстік-батыс жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +4+6°С.
23 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Кейде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыс жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2°С, күндіз +3+5°С.
Шымкент бойынша болжам:
21 қараша: айнымалы бұлтты, күндіз кейде жаңбыр, найзағай. Оңтүстік жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +18+20°С.
22 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С.
23 қараша: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыс жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.
