...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жүргізуші куәлігі базада жоқ автобус жүргізушісі ұсталды

Алматыда автобус қатысқан жол-көлік оқиғасын тексеру кезінде полицейлер күмәнді құжат анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Апат Алатау ауданында болды. Жүргізушіні құжаттарымен бірге полиция басқармасына жеткізді.

Қазіргі уақытта полицейлер оның жалған деп күдіктенілетін куәлікті қалай алғанын және пайдаланғанын анықтап жатыр.

Бұған дейін біз жүргізушілердің медициналық рұқсаттары мен қарсы көрсетілімдері туралы мәліметтер Қазақстанның бірыңғай дерекқорына енгізілетінін жазған болатынбыз.