...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 2026 жылдың қаңтарынан бері 1500 заңсыз жарнама алынып тасталды

Алматының Әуезов ауданында бірыңғай сәулет-визуалдық келбетті қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Дизайн-кодты іске асыру аясында Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Полиция департаментімен бірлесіп, 2026 жылдың қаңтарынан бері шамамен 1 500 заңсыз орналастырылған жарнама мен жарнама конструкциялары демонтаждалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, Алтынсарин және Абай даңғылдары, Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелерінің бойындағы 15 учаскеде қасбеттер мен жарнамаларды дизайн-код талаптарына сәйкес келтіру бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізілуде.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бизнес нысандарының иелеріне Алматы дизайн-кодының талаптарына сәйкес қасбеттер мен жарнамаларды ретке келтіру қажеттілігі туралы 200-ден астам хабарлама тапсырылды.

Дереккөз: Almaty.tv