...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жылы күндер қашанға дейін сақталады: синоптиктер суықтың уақытын айтты

Алматыда апта бойы ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады, алайда апта соңында температура төмендейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтансық Медеуованың айтуынша, апта тұтастай алғанда жылы болады, бірақ оның соңына қарай суытады.

27 қарашада, жұма күні мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 12 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +4+6°C-қа, күндіз +8+10°C-қа төмендейді.

Алматы бойынша 21-27 қарашаға арналған ауа райы болжамы:

21 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады. Түнде +4+6°С, күндіз +14+16°С.

22-23 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады. Түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

24 қараша: бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Кешке тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 12 м/с. Түнде +7+9°С, күндіз +15+17°С.

25 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, тұман түседі. Жел батыстан 3-8 м/с соғады. Түнде +3+5°С, күндіз +11+13°С.

26 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күн соңында екпіні 13 м/с. Түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

27 қараша: бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Жел батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 12 м/с. Түнде +4+6°С, күндіз +8+10°С.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК мамандары редакция тілшісіне Алматыда қыс әдеттегіден жылы болатынын айтқан болатын. Синоптиктер үш айға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.