Алматыда қала көшелерін бірыңғай сәулеттік келбетке келтіру жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері Әуезов ауданында шамамен 1,5 мың заңсыз орнатылған белгі мен жарнама конструкциясы демонтаждалды. Қазір ғимараттардың қасбеттері мен белгілері Алтынсарин және Абай даңғылдары, сондай-ақ Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелері бойындағы 15 учаскеде дизайн-код талаптарына сәйкестендірілуде. Сонымен қатар, бизнес нысандарының иелеріне қасбеттер мен жарнама конструкцияларын қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру туралы 200-ден астам хабарлама табыс етілді. Жұмыстар Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасымен және полиция департаментімен бірлесіп жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дереккөз: Inalmaty.kz