...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы бір ауданнан 1500 заңсыз жарнама алынып тасталды

Әуезов ауданының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтынсарин және Абай даңғылдары, сондай-ақ Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелері бойындағы 15 учаскеде қасбеттер мен жарнамаларды дизайн-код талаптарына сәйкестендіру бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, бизнес нысандарының иелеріне Алматы дизайн-кодының талаптарына сәйкес қасбеттер мен жарнамаларды ретке келтіру қажеттігі туралы 200-ден астам хабарлама тапсырылғаны белгілі болды.

Бұған дейін Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасы 2026 жылдың басынан бері қалада заңнама талаптарын бұза отырып салынған 41 нысан толық немесе ішінара бұзылғанын хабарлаған еді.

Дереккөз: Zakon.kz