
Алматы әкімдігі ҰҚК-нің «А» арнайы мақсаттағы қызметінің қажеттілігіне байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құжат «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған. Онда жалпы ауданы 2,6031 гектардан 1,8600 гектар жер бір ЖШС-тен алынатыны көрсетілген. Бұл телім Медеу ауданында, Күлжа трактысы бойында орналасқан.
Иеліктен шығару 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс. Құжатқа сәйкес, меншік иесіне өтемақы төленеді, ал рәсім аяқталған соң жер ҰҚК балансына беріледі.
Дереккөз: Zakon.kz