...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда түнгі аяз күшейеді: аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматы мен Қонаевта 24 қазанға қараған түні аяз -2-4°С-қа жетеді, ал облыс аумағына кең ауқымды суық антициклонның оңтүстік-шығыс тармағы әсер етіп тұр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Баян Канаеваның айтуынша, аймаққа суық антициклон ықпал етуде. Синоптиктер 23 қазан түніне және 24 қазан, сенбі күніне дауылды ескерту жариялады.

Сонымен қатар Алматы мен Қонаевта 24 қазанға қараған түні аяз -2-4°С болады деп күтілуде. Іле Алатауы тауларында, Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында 24 қазанда солтүстік-шығыстан соғатын қатты желдің екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Бұдан бөлек, облыстың батысында, шығысында және орталығында өрт қауіптілігінің жоғары деңгейі сақталады.

Алматы бойынша 24-30 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы:

24 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +4+6°С.

25 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде -5-7°С, күндіз +5+7°С.

26 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнде -3-5°С, күндіз +8+10°С.

27 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнде -1-3°С, күндіз +11+13°С.

28 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнде +1+3°С, күндіз +11+13°С.

29 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнде +2+4°С, күндіз +12+14°С.

30 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнде +3+5°С, күндіз +13+15°С.

Бұған дейін «Қазгидромет» 23 қазанда Қазақстанның бес облысында -6°C-қа дейінгі аяз бен қар жауатынын хабарлаған болатын.