Алматыда LRT жер үстімен жүреді: басты айырмашылығы — эстакадасыз, бұрынғы трамвай жолдарын пайдалану. Жоба мемлекеттік сараптамада, нәтижесі 2026 жылдың шілдесінде күтіледі.
Алматы әкімдігі LRT жобасын қаланың жаңа көлік жүйесінің негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырып отыр. Бірінші жеңіл рельсті көлік желісінің ұзындығы 18,3 шақырымды құрап, Төле би көшесімен, одан әрі Абылай хан даңғылымен "Алматы-2" вокзалына дейін, сондай-ақ Момышұлы көшесімен Алатау ауданындағы индустриялық аймаққа дейін өтеді.
Алматыдағы Төле би көшесінде ескі трамвай рельстерін бөлшектеу жұмыстары басталды. Қала әкімдігі бұл LRT жобасын іске асырудың дайындық кезеңі екенін хабарлады.