...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда заңсыз салынған нысанды бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданында заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тексеру барысында «Ай» ЖШС-нің иесінде рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталған. Оған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген, алайда ол орындалмаған соң материалдар сотқа жіберілді.

Нысанды бұзу жұмыстары қалалық әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіліп жатыр.

2026 жылғы 21 қазанда Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағын ауданында орналасқан «Жетісу-Семеречье» базарының сауда алаңдарын бұзу басталғаны белгілі болды. Тексеру аясында «Статус Construction» ЖШС-нің рұқсат құжаттарынсыз жалпы ауданы 56,4 мың шаршы метр сауда үй-жайларын салғаны анықталған.