Астана мен Алматыда жаңбыр аралас қар жауады, ал Шымкентте ауа температурасы +20°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Алматы Бас ботаникалық бағының әкімшілігі суық түсуіне байланысты аққуларды қысқы қоршауларға көшіргенін мәлімдеген еді, олар көктемге дейін сонда болады.
Астана:
28 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +8+10°С.
29 қазан: айнымалы бұлтты, күн соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Күндіз жел секундына 14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +8+10°С.
30 қазан: айнымалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +5+7°С.
Алматы:
28 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде үсік 1-3°С, күндіз +10+12°С.
29 қазан: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С.
30 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С.
Шымкент:
28 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +17+19°С.
29 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.
30 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С.
