Алматының Әуезов ауданында полицейлер Hyundai Elantra көлігін тоқтатып, тексеру барысында темекі қорабынан мефедрон болуы мүмкін зат салынған пакет тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Одан кейінгі жедел-тергеу іс-шараларында тәртіп сақшылары ұсталған адамның Наурызбай ауданында тұратын мекенжайын анықтады. Пәтерді тексеру кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған болжамды зертхана табылды.
Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам Telegram арқылы куратордың нұсқауларын орындап, қызметін жүргізіп келген.
Тәркіленген заттар мен бұйымдар сараптамаға жіберілді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылғаны туралы айтылған болатын.
