Алматы жаңалықтары

Домбыра күні мен Астана күніне орай Алматыда 50-ден астам іс-шара өтеді

Алматыда 4-6 шілде аралығында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, фестивальдар, флешмобтар, көрмелер, кино көрсетілімдер және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар қамтылған бай мәдени бағдарлама дайындалған.