...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Домбыра күні мен Астана күніне орай Алматыда 50-ден астам іс-шара өтеді

Алматыда 4-6 шілде аралығында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, фестивальдар, флешмобтар, көрмелер, кино көрсетілімдер және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар қамтылған бай мәдени бағдарлама дайындалған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мерекелік іс-шаралар ұлттық мәдениетті насихаттауға, дәстүрлерді сақтауға және рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістіктерінде 15 домбырашының қатысуымен түсірілген Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бейнеролик көрсетіледі.

Ұлттық домбыра күні Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде, ал Астана күні – 6 шілдеде атап өтілетінін еске саламыз.

4 шілдеде сағат 10:00-де Family Park-та «Күмбірле, қоңыр домбыра!» мерекелік концерті, 15:00-де Жетісу ауданының кітапханасында «Күй құдіреті» әдеби-музыкалық кеші, 19:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда «Домбыра – дастан» мерекелік концерті өтеді. 5 шілдеде сағат 10:00-де Нұркент шағын ауданы, 7-үй маңында 50 домбырашының қатысуымен флешмоб, 11:00-де Жібек Жолы көшесі, 100-үй маңындағы Арбатта «Күмбірле, домбыра, жасай бер, Астана!» мерекелік концерті, 11:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт, 16:00-20:00 аралығында «Айнабұлақ» скверінде Dombyra Fest отбасылық фестивалі (шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, халық шеберлерінің көрмесі, фотозоналар және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар), 17:00-де «Күй күмбірі» флешмобы өтеді. 6 шілдеде сағат 15:00-де Шұғыла шағын ауданы, 347-үй маңында 100 домбырашының қатысуымен флешмоб, 17:00-де Амфитеатрда мерекелік концерт, 19:00-де Амфитеатрда «Ұлы дала үні» кино көрсетілімі жоспарланған.

Дереккөз: Zakon.kz