Ұлттық музыка, дәстүрлі билер мен мерекелік көңіл-күй. Алматыда үш маңызды оқиғаны – Астана және домбыра күнін, сондай-ақ Жаңа Конституцияның күшіне енуін біріктірген концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қонақтарға бай концерттік бағдарлама дайындалды: сахнада әйгілі күйлер, халық және патриоттық әндер, сондай-ақ отандық әртістердің орындауындағы заманауи композициялар шырқалды. Көрермендер алдында Жолбарыс Сейфуллин, Мәлік Жамбылұлы және эстраданың басқа да жұлдыздары өнер көрсетті. Сонымен қатар, шығармашылық ұжымдар қонақтарға жарқын хореографиялық нөмірлерді ұсынды. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриотизм сезімі мен ұлттық құндылықтарға құрметті тәрбиелеу болды.
«Біз бұл іс-шараны еліміздің үш маңызды мерекесіне арнадық. Ең алдымен – Домбыра күніне, ұлттық қазынамызды дәріптеу үшін. Сондай-ақ Қазақстанның Астана күнін атап өтеміз. Әрине, іс-шара Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орайластырылған. Бұл мерекелердің барлығы еліміз үшін ерекше мәнге ие», – деді Бостандық ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Төрежан Өтеген.
«Біз бүкіл отбасымызбен, балаларымызбен, немерелерімізбен келдік және осының бәріне қуаныштымыз. Атмосфера мерекелік, қанық. Балалар ықыласпен өнер көрсетеді, ересектер қол соғады. Балалар билейді, ересектер де қосылып билейді», – деді алматылық Галина Сагирова.
Дереккөз: Almaty.tv