Алматыдағы 130 жылдық Баум тоғайын абаттандыру аяқталды: 4,7 млрд теңге инвестиция, 23 км жол, 1000+ көшет, 7 балалар алаңы және 109 бейнекамера орнатылды.
BAZIS-A компаниясы Алматыдағы Баум тоғайын абаттандыруға 4,7 млрд теңге жұмсады. 130 жылдық тарихы бар тоғайда 1000-нан астам ағаш отырғызылып, 23 км жол, 7 балалар алаңы және басқа да нысандар салынды.