Алматыда 4-6 шілде аралығында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, фестивальдар, флешмобтар, көрмелер, кино көрсетілімдер және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар қамтылған бай мәдени бағдарлама дайындалған.
1 шілдеде Алматыда жаңа Конституцияны қолдауға арналған патриоттық флешмоб өтті. КБТУ алдында жүздеген жас Мемлекеттік туды керіп, бірлік пен азаматтық жауапкершілікті көрсетті.
Алматыда ҚБТУ алдындағы алаңда «Есірткіге жол жоқ» флешмобы өтіп, 10×5 метрлік ту жайылды. Шараға полиция, жастар ұйымдары, еріктілер мен студенттер қатысты.