Демалыс күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
4 шілдеде Астанада ауыспалы бұлттылық, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +25+27°С.
5 шілдеде ауыспалы бұлттылық, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.
6 шілдеде ауыспалы бұлттылық, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.
Алматыда 4 шілдеде ауыспалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, дауыл. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +24+26°С.
5 шілдеде ауыспалы бұлттылық, түнде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с, кейде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С.
6 шілдеде ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.
Шымкентте 4 шілдеде ауыспалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +26+28°С.
5 шілдеде ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +33+35°С.
6 шілдеде ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +34+36°С.
Дереккөз: Zakon.kz