Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бағанашыл шағын ауданындағы Балаларды қолдау орталығының реконструкциясымен танысты. Білім басқармасының мәліметінше, жоба аясында ескі ғимараттарды бұзып, жаңаларын салу көзделген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мамандардың қорытындысы бойынша төрт блок бұзылды, ал бар корпустардың бірі нығайтылуда. Болашақ орталық 180 орынға есептеліп, бес блоктан тұрады: жатын бөлме, әкімшілік-білім беру блогы, асханасы, кір жуатын бөлмесі, спорт және акт залдары бар қоғамдық ғимарат. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
«Сапа жоғары деңгейде болуы керек. Өздеріңіз білетіндей, бұрын бұл нысан Алматы облысына қарасты еді. Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орталық біздің балансымызға берілді. Жаңғыртуды кәсіпкерлер жүргізіп жатыр, жергілікті бюджет қаражаты тартылмайды», — деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.
Дереккөз: Almaty.tv