...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

«Алматы әуендері» Ne Prosto Orchestra мәлімдемесіне жауап берді

«Алматы әуендері» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2018 жылы Республика сарайында билеттерді брондау мен сатудың автоматтандырылған кешенін енгізген болатын, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда кәсіпорынмен 7 сыртқы билет операторы жұмыс істейді: Kassir.kz, Ticketon.kz, Zakazbiletov, «Билеты Астаны», Kino.kz, Topbilet.kz және Kassy.kz. Сонымен қатар кәсіпорынның ресми сайты мен кассалары да қызмет көрсетеді, олардың әрқайсысы билеттің өзіндік бірегей кодын қалыптастырады.

Бірыңғай интеграциялық контур болмаған жағдайда кәсіпорын кіреберісте билеттерді тексерудің 7 тәуелсіз жүйесін қамтамасыз етуге мәжбүр болар еді.

«Атап өту маңызды: 2% комиссия билет операторларымен жасалған шарттарға сәйкес бірыңғай билет жүйесін пайдаланғаны үшін алынады. Бұл сома іс-шараларды ұйымдастырушылардан тікелей алынбайды. Сонымен қатар билет операторлары өз қызметтері үшін белгілейтін сервистік алымдар мен өзге де сыйақылардың мөлшері (6%-дан 20%-ға дейін) олардың өздері айқындайды және кәсіпорын тарапынан реттелмейді», – делінген хабарламада.

Аталған комиссиядан түскен қаражат кәсіпорынның ресми есепшоттарына түседі. Бұл қаражат еңбекақы төлеу қорына, СКУД жүйесіне қызмет көрсетуге, серверлік инфрақұрылымға және т.б. жұмсалады.

Осылайша, Ne Prosto Orchestra командасының дәйектері расталмайды, деп атап өтілген жарияланымда.

Ne Prosto Orchestra 2018 жылдан бері Республика сарайында көптеген іс-шара өткізіп, кәсіпорын инфрақұрылымын орындарды брондау, билеттерді сату мен есепке алу, сондай-ақ көрермендердің кіруін бақылау үшін пайдаланып, билеттерді әртүрлі сату арналары арқылы жүзеге асырған.