Синоптиктер 1 шілдеде Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы болатынын айтты. Болжам OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бүгін Алматыда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз температура +27 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде +19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с құрайды.
Астана тұрғындарына бұлтты ауа райы уәде етілді. Күндіз ауа +28 градусқа дейін жылынады, түнде температура +16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,4 м/с.
Шымкентте бүгін ашық аспан күтіледі. Күндіз термометр бағандары +35 градусқа дейін көтеріледі, түнде +20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,4 м/с деңгейінде болады.
Дереккөз: Nur.kz