...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда төртінші қабаттан құлаған әйелді дәрігерлер аман алып қалды

Алматыда төртінші қабаттан құлаған әйелді дәрігерлер ауыр жағдайдан алып шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас түскен кезде екінші дәрежелі кома, өте төмен артериялық қысым, жарақаттық және геморрагиялық шок, жамбас сүйектерінің көптеген сынықтары және кеуде қуысының ауыр жарақаты анықталған.

Алғашында мамандар ағзаның өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіруге қажетті шараларды жүргізді. Жағдайы тұрақталған соң әйелді хирургиялық операцияға дайындады. Хирургтер зақымдалған сүйек құрылымдарын арнайы металл пластиналар мен бұрандалармен бекітті.

Операциядан кейінгі екінші тәулікте науқасты белсендіру басталды.

Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми парақшасында жарияланды.

Бұған дейін дәрігерлер Алматыдағы болашақ аналарды скринингтен өтуді ұмытпауға шақырған болатын.