Алматыда арықтар неге жабылып жатыр: әкімдік түсіндірді
Әлеуметтік желіде Алматыда арықтардың жабылып жатқаны туралы фотосуреттер пайда болды. Әкімдік бұл шара қауіпсіздік мақсатында қабылданғанын, мас күйдегі ер адамның арыққа құлап қайтыс болуы себеп болғанын айтты.
