Алматыда үш жоғары оқу орнының ғимаратында жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар түскен соң полиция тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментіне қаланың түрлі аудандарында орналасқан үш жоғары оқу орны туралы ескерту келіп түскен. Telegram-дағы Qumash арнасы Абай мен Назарбаев даңғылдарының қиылысындағы UIB университеті ғимаратының жанында түсірілген бейнежазбаны жариялады. Кадрларда ғимараттың лентамен қоршалғаны, студенттердің сыртта тұрғаны көрінеді.
«Көрсетілген нысандарға алғашқы шара ретінде жедел қызметтер жіберілді. Қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ғимараттар мен іргелес аумақтарға кешенді тексеру жүргізілді», — деді полицияда.
Тексеру қорытындысы бойынша мина туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ, деп мәлімдеді полиция.
